Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов 250 мың доллар сыйақысын қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Чемпион Жамбыл облысының аймақтық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатына қатысып қайтты.
Жиында ол журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Журналистердің қойған «мемлекеттен алған қаражатты қайда жұмсайсыз?» деген сұрағына Елдос реніш білдірді.
«Әр адам өзінің жасап жатқан жұмысына қаражат алады. Ол қаражат – айдың аяғында түсетін айлықтарыңыз сияқты. Сол айлықты қалай жаратасың деп сұраса – қалай жауап берер едіңіз. Бұл жеке өмір ғой. Сол сияқты бұл әр адамның жеке өмірі Бұл менің отбасыма, еткен еңбегіме, төкен теріме, жеткен жетістігіме беріліп жатқан баға. Қалай жаратам, не істеп жаратам – жеке өміріме қатысты деп ойлаймын. Бұл төрт жылдық айлық сияқты. Жеке сұрақты қоюдың қажеті жоқ деп ойлаймын», – деді Елдос Сметов.