Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы деп хабарлайды Alash.KZ Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаровтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Айдарбек Қожаназаров:
Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, Қазақтың Жігіттері! - деп жазды кәсіпкер депутат.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрама дзюдошысы Әбиба Әбужақынова (48 кг) Париж Олимпиадасында қола медаль үшін таласта кеше жеңіліс тапқан болатын.
Отандасымыз жартылай финалда щвециялық Тара Бабулфатқа есе жіберіп алды.
Бұған дейін Ұлттық құрама дзюдошысы Әбиба Әбужақынова (48 кг) Париж Олимпиадасының жұбаныш белдесуінде Габриэла Нарваэстің (Парагвай) жауырынын жерге тигізіп, жартылай финалға шыққан еді.