Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өз анасын өлтірген»: Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматқа ауыр айып тағылды

19:06, 27 шілде 2026

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азамат өз анасының өліміне күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға Түлкібас ауданының аумағында орын алды. Өңірлік Полиция департаменті таратқан мәліметке қарағанда, егде жастағы тұрғынның денесі өз баспанасынан пышақпен салынған жарақаттармен табылған.

Бұл қылмысқа марқұмның 40 жастағы мүгедектігі бар ұлы күдікті деп танылып отыр. Әзірге оқиғаның неден туындағаны және қандай себеппен болғаны белгісіз.

«Түлкібас ауданы тұрғынының қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікке ілінген азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар