Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өз алаңымызда 2 жыл күткен жеңіс” - Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан жарқын жеңіске жетті

21:06, 10 қазан 2025 147

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы “Әлем Чемпионаты-2026” додасына іріктеу кезеңінде өз алаңында Лихтенштейн құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл - Ұлттық Құраманың ресми матчтардағы өз алаңында 2 жыл күткен жеңісі.

Ойынның 24-минутында ұлттық құрама жейдесіндегі Ғалымжан Кенжебек есеп ашты. Артынша, 26-минутта дәл осы ойыншының нәтижелі пасынан Бахтиор Зайнутдинов есепті еселеді.

Бәсекенің 3-голының авторы тағы да “Елім-ай” сапында өнер көрсетіп жүрген Ғалымжан Кенжебек болды. Бұл екінші таймның 59-минутында жүзеге асты.

Ал, ойынның нүктесін “Ақтөбе” клубының капитаны Әлібек Қасым қойды. Ол ойынның 81-минутында қарсыластың айып алаңында асырылған стандарттан нәтижелі гол шығара білді. 

Жақында Қазақстан Ұлттық Құрамасының бас бапкері болып бұған дейін екі мәрте осы қызметті атқарған Талғат Маруаұлы Байсуфинов тағайындалған болатын. Матчты тізгіндеген комменататор бұл ойынды “сәтті қайтып оралу” деп атады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар