Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өз әйелінің саусағын балтамен шауып тастаған". Отбасында зәбір көрген әйелдің қандай жағдайға түскені айтылды

12:48, 26 сәуір 2025 585

Қызылорда облысы, Шиелі ауданына, Бала би ауылында мұғалім болып қызмет етіп жүрген тұрғын өз әйелінің саусақтарын балтамен шауып тастаған. Зәбір көрген әйелдің қандай жағдайға түскені айтылды, деп хабарлайды  Alash.KZ порталы.

Әйелінің саусағын балтамен шорт шапқан тұрғын 20 жылдан астам уақыт ауыл мектебінде мұғалім болып қызмет еткен. 44 жастағы ер адам қазір қамауға алынды.

El.kz ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, күдікке ілінген еркек келіншегін бірнеше рет балтамен ұрып, саусақтарын шапқан. Оқиға ерлі-зайыптылардың өз үйінде болған.

Қазір ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалды. Облыстық полиция департаментінің ресми мәлімдемесінде:

Полиция адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында, – делінген.

Жапа шеккен 1983 жылы туған әйел ауыр хәлде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа политравма, яғни бірнеше ауыр жарақат диагнозы қойылған.

Миына зақым келген, басынан соққы алған. Маңдай сүйегі, үш саусағы мен шынтақ сүйегі сынған. Түскен бойда ота жасап, сынықтарды орнына келтірдік. Алдағы уақытта жақ сүйегіне де ота жасау жоспарланып отыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты», – деді Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Алмас Әбілпатта.

Оқиғаның туындауына қызғаныш пен тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Күдікті мен жәбірленушінің бес баласы бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар