Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өз әйелін көлікпен қағып өлтірген»: Алматы облысы Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына ауыр айып тағылды

15:16, 17 мамыр 2026

Алматы облысы Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Қабдылданов өз әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады Alash.kz. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ерлі-зайыптылардың арасындағы өзара келіспеушілік қайғылы жағдаймен аяқталған. Көлік астына түскен әйел алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қайғылы оқиға Балқаш ауданына қарасты Бақбақты ауылының маңындағы тасжолда орын алған. Белгілі болғандай, жол үстінде ерлі-зайыптылар өзара сөзге келіп, жанжалдасып қалған. Содан кейін шенді шенеунік әйелін көліктен түсіріп кеткен. Алайда көп ұзамай артынан қайта бұрылып келіп, жаяу жүрген жарын өз көлігімен қағып кеткені анықталды.

Соққының қатты болғаны соншалық, зардап шеккен әйелді аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері тек өлім дерегін тіркеді. Күдікті ретінде танылған аудандық полиция бастығының орынбасары бірден құрықталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті оқиғаның барлық егжей-тегжейін, сондай-ақ жанжалдың неден шыққанын анықтау үшін арнайы тексеру амалдарын жүргізуде. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар