Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Отыз күн аштық жариялаған Жыланбаевтың жүрек соғысы төмендеп кеткен

10:26, 12 желтоқсан 2024 81

Степногорск қаласындағы абақтыда жазасын өтеп жатқан марафоншы Марат Жыланбаевтың жүрек соғысы күрт төмендегені туралы айтылды6 деп хабарлайды Alash.KZ сайты.

Бұл турлы 11 желтоқсанда Азаттыққа оның қызы Азия Жыланбаева хабарлаған. Оның сөзінше, Марат Жыланбаев қыздарының біріне қоңырау шалып, жағдайы нашарлап тұрғанын, жүрек соғысы минутына 42 болғанын айтқан.

"Әкем аштық жариялағалы бүгін отыз күн. Ол тек су ішеді. Яғни, ол қайнамаған суық су ішуге мәжбүр. Әкем кінәсіз болғандықтан да күресін тоқтатпайды. Мен әділдік талап етемін. Оның түрмедегі тамақ туралы, басқа да талаптарының бәрі – заңды" депті Жыланбаева. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар