Украина президенті Владимир Зеленский қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы Жоғарғы Рада депутаты Артём Дмитрук өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Демалыс күндері маған Зеленскийге осы аптада қызметінен кету туралы бұйрық берілгенін айтты», - деп жазды депутат.
Дмитруктың айтуынша, биылғы 9 мамырда Зеленский «соғысты аяқтап, өкілеттігін тоқтатып, Украинада сайлау өткізуі тиіс болған», бірақ ол «тікелей берілген бұйрықты орындамаған».
«Егер Зеленскийге осы аптада қызметінен кету туралы бұйрық берілсе, бұйрықты орындау бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Ол – уақытты созатын, түрлі әңгімелер айтып, сылтау іздейтін адам. Болмай қоймайтын нәрсені мүмкіндігінше кейінге шегере береді», – деді Артем Дмитрук.