Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өткен жылға өкпеміз жоқ. Жаңа жыл бақыт әкелсін!” - Асанәлі Әшімовтің халықты құттықтау бейнежазбасы тарады (ВИДЕО)

21:24, 31 желтоқсан 2025

КСРО Халық Әртісі, ҚР Еңбек Ері, даңқты актер, режиссер Асанәлі Әшімовтің Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтаған бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бейнежазба Хабар арнасының жаңа жылдық бағдарламасы үшін алдын-ала түсірілімнен алынған.

Қымбатты Қазақстандықтар! Қадірлі көрермен! Келе жатқан 2026 жыл жылқы жылымен құттықтаймын. Бақытты жыл болсын. Өткен жылға өкпеміз жоқ жақсылығы да мол болды. Жылдан-жылға өскелең елдің елі әр уақытта қуанышы мол болады. Сондықтан халқымыздың ниеті дұрыс, халқымыздың көңілі дұрыс. Ақкөңіл халықтың әр уақытта күндері, өткен жылдары жақсы болуы міндетті.

Жаңа жыл барлығыңызға бақыт әкелсін. Қуаныш әкелсін. Жанұяларыңыз бақытты болсын! Балалар аман болсын! Кішкентайларды тәрбиелеп үлкен азамат етіңдер!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар