Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өткен аптада күйеуімді үйден "қуып жібердім". Тележүргізуші Дина Төлепберген отбасын айтып, үлкен жаңалықтың алдында тұрғанын жеткізді

12:58, 17 ақпан 2026

Танымал журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарының ерекше ықыласын тудырды деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Журналист өткен аптада күйеуін IELTS емтиханына дайындау үшін үйден «қуып жібергенін» әзіл-шыны аралас әңгімелейді.

«Алаңдамай дайындал. Тапсыра алмасаң, келмей-ақ қой», — деп жазған ол. Сырттай сабыр сақтауға тырысқанымен, іштей екеуінің де қатты толқығанын жасырмайды.

Оның айтуынша, IELTS — жай ғана сынақ емес. Соған қарамастан, жұбайы ағылшын тілін «ұмытпағанын» дәлелдеп, 7.0 балл жинаған. Журналист бұл нәтижені жақсы көрсеткіш деп бағалай отырып, күйеуінің мүмкіндігі бұдан да жоғары екенін атап өтеді.

Енді өзі де емтиханға дайындалып жүргенін айтқан Дина Төлепберген сынақтан кейін жолдасын сұрақтың астына алғанын жазады. Күйеуі әсерін қағазға түсіріп берген, ал журналист сол жазбаны өзгертпей жариялауды жөн көрген. Оның сөзінше, бұл тәжірибе өзгелерге де ой салуы мүмкін.

«42 жаста біз қайтадан студент секілдіміз. Қайтадан оқып жүрміз. Қайтадан алдымызға жаңа мақсат қойдық. Ізденсең, миың да, өмірің де жасарады екен. Үлкен жаңалықтардың алдында тұрғандаймыз», — деп түйіндейді журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар