Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өтінішіміз қанағаттандырылмады" - «Нұр-Мұқасан» төңірегіндегі дауға сот үкімі шықты

11:40, 16 шілде 2026
"Нұр-Мұқасан" тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев пен топтың қазіргі орындаушысы Ғалымжан Сүлеймен арасындағы дауға сот нүкте қойды, деп жазады Alash.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ғалымжан Сүлейменді соққыға жықты деп айыпталған Мұқасан Шахзадаевтың әкімшісі Азамат Есеркеновке сот айыппұл салды. Ол 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Алайда жәбірленуші Ғалымжан Сүлейменнің қорғаушысы судьяға:

"Біз қылмыстық істі прокурорға қайтаруды және Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша айып тағуды сұраған едік. Неліктен біздің өтінішіміз қанағаттандырылмады? Іс неге прокурорға қайтарылмады?" – деген сұрақ қойды.

Істі қараған судья Бейнегүл Қайсина бұл сұраққа былай деп жауап берді:

"Сот сотталушының, куәлардың және жәбірленушінің жауаптарын, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарындағы дәлелдемелерді бағалай отырып, істі прокурорға қайтаруға негіз жоқ деген қорытындыға келді. Сот тек тағылған айып шеңберінде шешім шығарады. Сот айыптаушы орган болып табылмайды және айыптау шегінен шыға алмайды".

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар