Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева жан-жары туралы тебіреніске толы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
Роза Қуанышқызына қойылған «Соңғы рет қашан жыладыңыз?» деген сұраққа былай жауап берді:
«Өте жиі жылаймын. Сахнада образға кіріп те жылаймын. Күйеуімнің басына барып та жылап аламын. Ұмытылмайтын өзімнің жан-жарымды сағынып жылаймын. Онсыз енді Роза Рымбаева болып жүрер ме едім? Жұлдыз болып… Неге сағынбасқа? Оның деңгейіне жеткен, сол сияқты адам кездестірмедім. Іздемедім. Күйеуімді ешкім алмастыра алмайды».