Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өте дұрыс тұжырым": Депутат Ермұрат Бапи АЭС құрылысы туралы айтты

10:33, 07 қазан 2024 741
Экс оппозиционер, қазіргі Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи АЭС құрылысы туралы өзінің желідегі парақшасында өз ойын жазды, деп хабарлайды Alash.KZ.
 
Депутаттың айтуынша, бұл өте дұрыс тұжырым көрінеді.
 
Егер Президенттің, яғни саяси биліктің АЭС-ті Ресей немесе басқа бір ел емес, халықаралық компаниялардың бірлесен концорциумы салады деген шешімі референдумнан бірер апта бұрын айтылғанда, бұл жойқын жобаға деген қоғамдық қарсылық әлдеқайда бәсең болар еді.
Бұл енді Мемлекет басшысына күнібұрын "сөйлеуге" кеңес бере алмаған үкімет пен тиісті органдардың кемшілігі болса керек! Қоғамда 30 жыл бойы билікке қарсы қалыптасқан протестің паталогиялық нәтижесі басқадай альтернативаға бой бермегеніне осы референдум барысында тағы да көз жетті" - дейді. 
 
Бапидың айтуынша, АЭС құрылысын шетелдік компаниялардың бірлескен құрылымының жүрізуі өте дұрыс шешім сияқты. Оған бірнеше түрлі нақты мысалдар да келтірген. 
 
"Ал ел президентінің айтуындағы шетелдік компаниялардың бірлескен құрылымы құрылыс жұмыстарын жүргізеді деген сөз - біріншіден, Ресей немесе бір елдің доминанты болмайды; екіншіден, миллиардтаған доллар қаржы коррупциялық құлқында кетпейді дегенді білдіреді. Концорциум өзінің инвестициялық қаржысын өзі жемейді (Қашаған мұнай кенішін игеру концорциумы мен Каспий мұнай құбыры концорциумын еске алыңыз).
Қалай болғанда да, біз ертең болмаса да, 10-15 жылдан кейін бәрібір атомның қуатына жүгінуге мәжбүр болар едік. Ол аз десеңіз, сол 10-15 жылдың ішінде Өскемен мен Қарағанды сияқты индустриалды аймақтарда тағы да бір-екі АЭС салудың қажеттілігі тууы әбден мүмкін!
Қысқасы, кезінде "дедушка Ленин": Коммунизм дегеніміз бүкіл елді электрлендіру" деп тегін айтпаған екен. Қуат күші болмағанда, өндірістік-индустриялық жасампаздық идеясын жүзеге асыру мүмкін емес.
Президент Тоқаевтың "мы будем менять страну шаг за шагом" деген ұстанымы бірте-бірте нақты практикаға айналуда. Қай елде болмасын, өзгерістер тұтас күйінде бір сәтте ешқашан топ етіп, төбеден түспеген! Тек билікке, орысшалап айтқанда, "поступательность", ал қоғамға шыдам керек!
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар