Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ес-түссіз күйде табылды”. Тағы да Талғар: 14 жастағы жасөспірімді бірнеше жігіт аяусыз соққыға жығып, ұрып өлтірген

12:52, 18 қараша 2025

Алматы облысы, Талғар ауданында 14 жастағы жасөспірімді бірнеше оқушы аяусыз соққыға жығып, ұрып өлтірген, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Алматы облысында елді дүрліктірген тағы бір сұмдық жағдай орын алды. Марқұмның ата-анасының айтуынша, баланы жоғары сынып оқушылары қатыгездікпен ұрып-соққан. Полиция қылмыстық іс қозғап, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабымен тергеп жатыр. Алайда қаза тапқан оқушының отбасы бұл баппен келіспейтінін айтты.

Оқиға 13 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Туыстарының айтуынша, Әлихан серуендеу үшін сыртқа шыққан, алайда арада бір сағат өткеннен кейін ес-түссіз күйде табылған. Оқиға орнына жеткен әкесі ұлының денесінен жарақат іздерін көрген. Куәгерлер болса «баланың өзінен өзі құлап қалғанын» айтқан.

«Мен жүгіріп жеткенімде баламның қасында он шақты адам тұрды. «Не болды?» деп сұрағанымда, олар «Балаңыз еш себепсіз өзінен өзі құлап қалды» деп жауап берді», – деді қаза тапқан баланың әкесі Данияр Нұрғалиев Almaty.tv-ға берген сұхбатында.

Жақындары Әлиханның соққыға жығылғанына сенімді. Әкесінің айтуынша, дүкен камерасынан түсірілген видеода бір топ жоғары сынып оқушысы баланы тоқтатып, қараңғы көшеге қарай ертіп кеткені анық көрінеді.

«Біз баланы жансақтау бөліміне жеткізіп, есінен танып қалған себебін сұрағанымызда, дәрігерлер оның соққы алғанын айтты. Менің ойымша, олар оны әдейі қараңғы көшеге апарған. Тіпті күдіктілердің өз достарына «Қазір Әлиханды ұстап алып, ұрамыз» дегенін естігендер бар», — деді Данияр Нұрғалиев.

Талғар аудандық полициясы қылмыстық іс қозғады. Бір жасөспірім ұсталған. Марқұмның туыстары істі қайта саралауды және барлық қатысы бар адамды жауапқа тартуды талап етеді.

«Кәмелетке толмағанға дене жарақатын салып, оның өліміне әкелген факті бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот шешімімен оған қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», – деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар