Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Палестина мемлекеті құрылмайды» - Израиль билігі тағы да қатаң ескерту жасады

15:16, 18 қараша 2025 70

Израиль билігі тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға қатысты ұсыныстарды қабылдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

 Үкімет мүшелері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқыланып жатқан, Газа секторы бойынша палестиналықтардың өзін-өзі анықтау және мемлекет құру құқығын қолдайтын қарар жобасын қатаң түрде кері қайтарды.

Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар қазіргі жағдайды «Айрықша қауіп кезеңі» деп атап, ХАМАС, «Хезболла» және йемендік хуситтер Израильді жоюға бағытталған ниеттерін ашық жариялап отырғанын айтты.

Ал қорғаныс министрі Израиль Кац үкіметтің өзгермейтін ұстанымын нақты жеткізді:

«Палестина мемлекеті құрылмайды», — деді ол.

БҰҰ деңгейінде талқыланып жатқан қарар жобасы аймақтағы геосаяси шиеленісті одан әрі күшейтіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар