Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қатып қалған… Өліп қалыпты ғой дедім…” - Алғабастағы алапат өрт куәгері бар шындықты айтып берді (ВИДЕО)

17:32, 18 қараша 2025 450

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында екі қабатты үй өртеніп, 12 адам қаза тауып, 3 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп жазады Alash.kz.

Оқиғаның куәгері, 2 қабатты үйге көрші тұратын әйел не болғаны туралы өз көргенін айтып берді.

Сағат бестен бес кеткенде көрдім. Мен намаз оқуға шығып едім. Ана келіншек айғайлап жатыр екен. “Әпше, жәрдем беріңізші!” деп. “Бәріне звондап едім. Ешқайсысы алмады” деді. Мына соседтің үйіне бардым. Мына соседтің үйіне бардым. Мынау оянбады. Анау оянды. Олар шығамын дегенше, сағат алты болып қалды. Сағат алтыда егзін көрдім, өліп қалған.

Алапат өрттің ауыздықтылмайтынын сезген тұрғындар өз беттерінше әрекет етіп көрген.

Қып-қызыл от болып жанып жатыр екен. Жүгіріп баламды ояттым. Ол жүгіріп кетті де, ар жағынан бір решетканы сындырды ма, терезені сындырып, біреуін менің балам алып шықты. 2-3 минуттан кейін полиция келді.

Алғабастықтардың үрейін ұшырған орны толмас қайғылы оқиға кезінде марқұмдардың қандай күйде болғаны туралы да әйел баяндап берді.

Егізінің біреуі бар ғой. Соны көрдім. Қатып қалған. Шашы бұйра-бұйра. Шашы үйіткендей болып қалыпты. Өліп қалыпты ғой дедім.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар