Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Түркістан облысында үй өртеніп, 12 адам қаза тапты

10:19, 18 қараша 2025 84

Түркістанда үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Таңғы уақытта Түркістан облысында қайғылы оқиға болды. Жетісай ауданының Алғабас щауылындағы екі қабатты жеке үйден шыққан ірі өрт туралы ақпарат 101 қызметіне түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде, үй толықтай отқа оранған еді.

Тілсіз жауды ауыздықтау және барлау барысында құтқарушылар үйден ес-түссіз жатқан үш адамды алып шығып, оларды шұғыл түрде жедел жәрдем тобына тапсырды.

Күйіп кеткен үйдің ішінен 12 адамның денесі табылды, олардың ішінде 9 бала бар.

Көршілердің айтуынша, оқиға болған түні үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, үкімет пен облыс әкімдігіне қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті көмекті көрсетуді және өрттің себептерін мұқият тексеруді тапсырды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар