Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығатын болды, деп жазады Alash.kz.
Бұл ақпаратты оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растады.
«Бүгін сот отырысы өтті. Cтепногор қаласы соты Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы актіні қолданып, оны бірден босату туралы қаулы шығарды. Өтелмеген жаза мерзімі үш айдан сәл ғана асатын. Бүгін Бақытжан отбасына оралады», – деді адвокат.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаевтың немере інісі Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша қылмысты жасырып қалғаны үшін 2024 жылғы 13 мамырда 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.