Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Отаным біреу ғой". Германияға қоныс аударған азамат елге деген сағынышын жеткізді

19:49, 29 наурыз 2025 1026

Қазақстаннан Германияға қоныс аударып, туған жерімді сағындым деген ер адам халыққа алғыс айтты, деп хабарлайды Alash.kz порталы.

Осыған дейін Қазақстаннан Германияға көшіп, елін сағынып жүргенін айтқан ер адам туралы жазған едік. Андрей есімді ер адам Қазақстаннан 23 жыл бұрын көшіп кеткен.

«Мені көпшілік қолдап, демеу білдірді. Көрдің бе, біздің сүйікті қазақтарымыз. Жаным сонда қалды. Тіпті менен ешкім көшкің келе ме, келмей ме деп сұрамады. Осында 23 жыл тұрсам да, «өзіміз» болып кете алмадым. Ал Қазақстанда туған жерім қалды. Отан біреу ғой», – деді ер адам.

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, жылы лебіздерін білдірді.

«Қайт үйге, шай ішеміз», «Жаным, жарығым, елге қайт», «Қазақстан деп соққан жүрегіңнен айналдым», «Келіңіз, Отаныңыз осында», – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар