Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Осыншалықты әңгіме болып кетеді деп ойламадым”: Жазира Байырбекова ұлының үйлену тойы жайлы айтты

15:23, 20 сәуір 2026

Әнші Жазира Байырбекова желіде қызу талқыланған қалың малға қатысты пікірін айтты, деп жазады Alash.kz.

"Келінімізге берген қалың мал көлемі осыншалықты әңгіме болып кетеді деп ойламадым. Құда-құдағиымызбен арамызда "кім не әкелді, қанша әкелді" деген дүниеге, ақшаға байланысты келісім, ешқандай әңгіме болған жоқ.

Әрқайсымыз сыйлықтарымызды өз қалауымызбен, шын көңілімізбен жасадық. 

Әр ата-ана үшін ұл да, қыз да баға жетпес қой. Сол үшін ақшамен бағалаған дұрыс емес. 100 мың берсе де, 100 млн берсе де, жігіттің ата-анасы өзі шешеді деп ойлаймын.

Қыздың ата-анасының қалың мал сұрағаны, аз берсе, аз бердің деп ренжитіндерді түсіне алмаймын. "Теңін тапса тегін бер" деп бекер айтылмаған", – деп жазды Жазира Байырбекова.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Жанболат пен Жазираның келінінің қалың малына 10 миллион теңге берген видеосы тараған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар