Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Осылар неге бақсысымақтарға сенеді екен?" - Әлия Назарбаева қымбат әшекей сыйлаған әйел кім? (Видео)

11:32, 26 ақпан 2025 413

Әлия Назарбаева белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваға туған күніне орай алтын әшекей сыйға тартты, деп жазады Alash.KZ.

Білетіндер видеодағы жыланның басы бейнеленген білезік пен сырғаның құны бір пәтерге тең екенін айтуда.

Көпшілік қалталы ханшайымның ел алдында, танымал адамға көшірме сыйлауы мүмкін емес деп жазуда.

Тағы бір оқырман: "Осылар неге бақсысымақтарға сенеді екен? Ол дегенің Аллаға серік қосқанмен тең емес пе? Бишимбаев та кезіңде балгерсымақтан совет алам деп біреудің әп-әдемі баласын өлтіріп қойған жоқ па? Вроде көзі ашық көкірегі ояу жандар, қылықтары адам түсініксіз!" деп жазды. 

Келесі оқырман: "Өзінің ақшасы дейсің бе? Қазақтың макңдай тері, қара халықтың ақшасы" деп жазды. 

Күзденбаева - жүз мыңдаған жазылушысы бар танымал нумеролог.

Ол туған күнінде сыйлықтар мен гүлдерді қабылдаудан бас тартқанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, жаңа салық талаптарына сәйкес, мұндай тартуларды кіріс ретінде декларациялау қажет.

Әлия Назарбаева соңғы екі жылда алғаш рет көпшілік алдына шықты. Ол әлеуметтік желілерде белсенділік танытпаған еді. Ал оның соңғы жазбасы Қаңтар оқиғасына арналған болатын.

Туған күн кешіне басқа да танымал тұлғалар жиналған. Бұл туралы қазақстандық әнші Ержан Нұрғалиев әлеуметтік желіде «арнайы қонақтар – Әлия Назарбаева және басқа да танымал тұлғалар», – деп жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар