28-29 қарашада бірінші және екінші ауысым оқушылары, барлығы 64 мектепте оқитын 53 мыңнан астам оқушы қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды alash.KZ сайты Qaz365.kz материалына сүйеніп.
Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді.
Қашықтықтан оқуға басты себеп – тыныс алу жолдарындағы ауруға әкелуі мүмкін түтін тарағаны әсер еткен
«Күзгі-қысқы кезеңде қазаннан қаңтарға дейін ауада улы түтін ең көп күн басталды. Басты себеп өңірде жел тұрмай, тұман басуы. Бұл құбылыстың ұзақтығы 5 күннен 14 күнге дейін», – делінген Қазгидромет ақпаратында.
«Қазгидромет» Өскеменде ауаның ластануы қараша соңына дейін сақталатынын хабарлады.