Облыс орталығында жастар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Оқиға өткен аптада болған. Дереккөз мәліметінше, жанжал барысында бірнеше адам жас жігітті қатыгездікпен соққыға жыққан.
Кейін оның денесін Абай даңғылындағы аурухананың алдына тастап кеткен.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті кісі өлтіру дерегін растады.
— Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қақтығысқа қатысқандарды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы мен себептерін объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Сотқа дейінгі тергеу аясында өзге ақпарат жария етілмейді.