Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өскеменде ешкімге ұқсамайтын қылмыс жасаған адам ұсталды

Өскеменде ешкімге ұқсамайтын қылмыс жасаған адам ұсталды

Өскеменде 30 жастағы жігіт бір пәтерді 25 адамға сатып, 186 млн теңге табыс тапқан, деп жазады Alash.KZ

Полицияның мәліметінше, ол осылайша 2024 жылдың қарашасынан 2026 жылдың сәуіріне дейін әрекет еткен.

Алдымен адамдарды өзіне қолма-қол ақша беруге және банк шотына ақша аударуға көндірген.

Кейін тұрғын үйді тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және басқа да төлемдер үшін қосымша шығындар қажет екенін айтып, жаңа талаптар қойған.

Жәбірленушілерді сендіру үшін пәтер жалдап, оны олардың болашақ баспанасы ретінде көрсеткен.

Алаяқтың әрекетінен облыстың 25 тұрғыны зардап шеккен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі - 186 445 000 теңге.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар