Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өскемен-Алматы: Пойыздың ыссылығынан 74 жастағы қария қаза тапты (ВИДЕО)

13:15, 02 тамыз 2024 1299

«Өскемен-Алматы» пойызында 74 жастағы қария қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ажал құшуына басты себеп вагондардың өте ыстық болуында. 

Жолаушылардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп,"osa_semey" инстаграм аккаунтына егжей-тегжейін айтып берді.

Куәгердің айтуынша, пойыз өте ыстық болып, тыныс алу қиындаған. Ер адам әйелімен тамбурға шыққан,кейін ауаның жетіспеушілігінен құлап, қайтыс болды.

Сорақысы оқиға олардың 13 жастағы немересінің көз алдында болды.

Жазуынша, жолсеріктерде алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі қорабы болмаған. Жедел жәрдем Сарыөзек станциясына келіп, денесін көрпеге орап алып кеткен.

Полиция департаменті өлім фактісін растады. Сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚТЖ жауап дайындап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?