Белгілі әнші Айдана Меденова мен музыкалық продюсер Бағым Мұхитдинова әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, «Кешью» тобының Астанада өткен концертіне қатысты ел арасында тараған қауесеттерге нүкте қойды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иелері Айдана Меденованың 20-жылдыққа не себепті қатыспағанын түсіндіріп, өзара араздық туралы сыбыстарды жоққа шығарды. Айтуынша, әншінің кестесі мүлде бос болмаған.
«Бірдеңе болған деп өсек таратыпсыздар! Бізде бәрі жақсы! Біз Айданамен басқа жобадамыз. Хабар арнасындамыз!», — деді Бағым Мұхитдинова.
Әлеуметтік желі қолданушылары өнер иелерінің бұл мәлімдемесіне қолдау білдіріп, олардың жаңа жобаларына сәттілік тілеуде.