Ресейлік блогердің сүйіктісі қазақтарды қорлаған видеоға байланысты сынға ұшырады, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Әлеуметтік желілерде танымал ресейлік блогер Парадеевичтің сүйіктісі Каяның қатысуымен түсірілген бейнежазба қызу талқылануда.
Видеода Кая Қазақстанның атауын әдейі бұрмалап айтып, қазақ халқына тіл тигізген.

«Мен ресми түрде Қазақстанды жек көремін әрі менсінбеймін. Орыс тілін түсінбейтін сасық қазақтардың бәріне бойкот жариялаймын», – дейді ол бейнежазбада.
Жарияланым шыққан кезде бұл видео Каяның әлеуметтік желідегі парақшаларынан өшірілген. Соған қарамастан, оның үзіндісі қазақстандық қолданушылар арасында кең тарап үлгерді.
Threads желісінде желі қолданушылары Каяның әрекетін айыптап, оны жауапкершілікке тарту және әлеуметтік желілерден шектеуге шақырып жатыр.
Парадеевич – Ресейдің танымал стримері әрі блогері. Ол Twitch платформасындағы тікелей эфирлері және «Хазяева» шығармашылық бірлестігіне қатысуымен танылған. Оның YouTube арнасында шамамен 2,7 миллион жазылушысы бар.
Ал Каяның Instagram парақшасына 199 мың адам жазылған, Telegram арнасын 201 мыңнан астам оқырман бақылайды.