Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Иә, мен сабадым! Керек болса, тағы да сабаймын»: Ақтаудағы жасөспірімдер жанжалы елді шошытты (ВИДЕО)

22:04, 04 тамыз 2026

Ақтауда 14 жастағы мектеп оқушысы 16-17 жастағы екі жасөспірімнің аяусыз соққысына жығылып, ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.

Зардап шеккен баланың әпкесінің айтуынша, 4 тамыз күні таңертең екі бұзақы оқушыны өз досына қоңырау шалып, сыртқа шығуды талап етуге мәжбүрлеген. Бала олардың ырқына көнбегеннен кейін, жасөспірімдер оны аяусыз соққыға жығып, бұл әрекеттерін таспаға түсіріп алған. Кейін видеоны жасөспірімнің досына жіберіп, «Егер шықпасаң, досыңның күні осылай болады» деп қоқан-лошқы көрсеткен.

Бас жарақатын алған оқушы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Марқұм бол жасөспірімнің жақындары шабуыл жасағандардың бірі тәртіп сақшыларының көзінше «Иә, оны сабаған мен. Қажет болса - тағы да сабаймын» деп шіренгенін айтады. Қазіргі таңда зардап шеккен тарап құқық қорғау органдары мен прокуратурадан осы қылмыстық істі ерекше бақылауға алуды талап етіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар