Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Баспана менің ақшама алынды: Он жылқысын мың қылған малшысын қорлаған Елеуов жұрттың ашуына тиді

08:47, 05 тамыз 2026

Журналист Руслан Өтепбай жылқышы Рахат Сәрсеновтің бұрынғы жұмыс берушісі Тәжіғали Елеуовпен кездесті, деп хабарлайды ALASH.KZ MadeniPortal.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистің айтуынша, сұхбат барысында Рахат Сәрсеновтің еңбек жолы, өзара қарым-қатынасы және қоғамда қызу талқыланып жатқан оқиғалар сөз болған.

Әңгіме соңында Руслан Өтепбай Тәжіғали Елеуовке қоғамның қолдауымен Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болғанын жеткізген. Алайда бұл ақпаратқа қатысты кәсіпкер күтпеген мәлімдеме жасап, жаңа үйдің өз қаржысына алынғанын айтты.

«Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болды» дегенімде, ол: «Ол менің ақшама алынған үй», – деп жауап берді», – дейді журналист.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, қызу талқылана бастады. Көпшілік кәсіпкердің бұл сөзінің мән-жайын толық білгісі келетінін айтып, сұхбаттың жариялануын күтуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар