Сот отырысында марқұм Нұрайдың әкесі мен айыпталушының әкесі Әлмахан Мәкеновтің арасында бетпе-бет жауаптасу өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Сот процесі барысында күдіктінің әкесі Әлмахан Мәкеновтен жауап алынды. Осы сәтте марқұм Нұрайдың әкесі сөз алып, сотталушының әкесіне төтесінен сауал қойды.
Бұл ретте марқұмның әкесі:
«Сен ұлым қызыңа енді жоламайды деп уәде бергенсің. Балаң үйімнің есігінің алдында көлігімен тұрған. Сол кезде саған суретін жібердім. Қызымның 7 құрбысын, яғни бәрін қорқытып отыр. Балаңды тый», – деп айтқанын жеткізді.
Ал бұған жауап ретінде сотталушының әкесі:
«Айтуын айтқан шығарсыз, бірақ бәрібір оны толық шешіп бере алмайтын едім», – деп жауап қайтарды.