Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Орындықпен ұрып, ауруханаға барған” - Айзат Жұманованың ісіне қатысты ел естімеген ақпарат белгілі болды

17:32, 12 желтоқсан 2025

Талдықорғанда Айзат Жұманованың қазасына байланысты сот процесінде куәлардан жауап алу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Бүгінгі сот отырысында марқұмның қаза болуына дейін бірнеше рет соққыға жығылғаны айтылды.

Марқұмның құрбысы Мадина Тоқтасынова сотта былай деді: «Ондай жағдай көп болды ғой. Ұрсысқан кездерін айтып отыратын. Бастапқы үйленген кезде итеріп жіберді деп айтатын. «Біз отбасымыз, ой, ажыраспаймын» деді. Пәтерде тұрғанда басынан орындықпен ұрып, ауруханаға барған екен. Элья деген құрбымыз алдында айтып отыр. Орындықты ашу-ызамен ұрған кезде тексерілген екен».

Сонымен қатар сотта Айзат Жұманова қаза болған күні барған полиция қызметкерлері мен Жетісу облыстық ауруханасының реаниматологтары жауап берді.

Тергеуші Әбдуәли Қалиасқаров сөз барысында айтты: «Аяқ тұсында, бет тұсында, қолдарында және кеуделерінде жарақаттар болды». Айзаттың киімінде қан іздері болған, бірақ дене жарақаттарының нақты сипаты анықталмаған.

 Сот процесі әрі қарай жалғасып, барлық куәлар тыңдалады және жауапты тұлғаларға қатысты шешім қабылданады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар