Әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Qazaqstan ұлттық телеарнасының «1001 түн» бағдарламасына сұхбат беріп, марқұм жолдасы Тасқын Оқаповты еске алды, деп жазады Alash.kz.
«Жолдасымның өмірден өтуі орны толмас қайғы болды. Әсіресе жаңа жобалар жасағанда қасымда болмағаны жанымды ауыртады. Жасым ұлғайған сайын оның жоқтығы қатты сезіледі. Бірақ екі ұлым үшін мықты болуға тырысамын», - деді әнші.