Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Орны толмас өкініш… Замандасым-ай, бақұл бол»: Тоқтар Серіков қайғылы хабар айтты

22:00, 17 тамыз 2026

Әнші Тоқтар Серіков ақын, сазгер Бекжан Әшірбаевтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп жазады  Alash.kz.

Өнер иесі көпшілікке «Көршінің қызы» әні арқылы танылған марқұм сазгерді еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады.

«Орны толмас өкініш болып тұр. Уақыт, кеше ғана "Көршінің қызы" әнін алып келіп, осы әнді сен айтшы деп тапсырған еді. Жиырма бес жылдан артық уақыт өтіпті. Қайран Бекжан, замандасым-ай, бақұл бол. Ақындығыңның бір төбе, азаматтығыңның алып тау еді. Қош бол, қазақтың шыншыл ақыны. Ағайын туған- туыстарына, жарына, бала-шағасына көңіл айтамын», – деп жазды Тоқтар Серіков.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар