Сурдо жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Фархад Қыстаубаев өмірден өтті, деп жазады Alash.kz.
Қайғылы хабарды Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ресми парақшасында хабарлады.
«Фархад Қыстаубаевтың қазасы - еліміздің спорт қауымдастығы үшін орны толмас ауыр қайғы. Фархад Қыстаубаев Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында онсайыстан чемпион атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері ретінде ел намысын абыроймен қорғады», - делінген хабарламада.