Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орысша өткен тойға қатысып, тосын видео жариялаған Мадина Сәдуақасова көпшілікке жақпай қалды

09:49, 23 шілде 2024 2845

Елге белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде Нұрлан Қоянбаевтың туған күнімен құттықтап, тосын видео жариялады.Сонымен қатар, мұндай бейнежазбаны алғаш салып тұрғанын айтып, көпшілікті құлақтандырды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Әншінің өзі ағынан жарылып:

"Мұндай видео менің парақшамда бірінші рет салынып тұр", - деп жазды әлеуметтік желіде. 

Сонымен қатар, ықылас видеосын көп күтіп қалғанын да айтты:

"Нұрлан Қоянбаевтің туған күнінен екі күн күткен видео. Мобилографы өзінікі! Түсінбедім, бұл пранк па? Кім біледі?", - деп жазды Мәдина Сәдуақасова. 

Әлеуметтік желіге салынған видеоға қарасақ, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары орысша өтіп жатқан кеште жүргенін байқауға болады. Оқырмандарға бұл үрдіс жақпай қалды.

Олар:

 "Неге той орысша жүріп жатыр?", "Еу, айналайындар-ай, бүкіл қазақ жиналып, орысша сөйлеп", "Шиелінің жігіті туған күнін орысша тойлай ма?!" деп пікір жазып жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?