Қазақстанның барлық өңірінде Ораза айт намазының уақыты белгіленді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасына сілтеме жасап.
Рамазан айының аяқталуына санаулы күндер қалды, биыл мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамы 20 наурызға сәйкес келеді. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің әр өңірі мен қалаларында айт намазы оқылатын уақыттың бекітілген кестесін жариялады. Маңызды мерекелік құлшылықтың кестесі жергілікті күннің шығу уақытына сәйкес әзірленіп, барлық мешіттерге жолданды.

Діни басқарма өкілдері мереке күні мешіттерде барлық қауіпсіздік шаралары мен тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ораза айт намазына қатысты нақты уақыт көрсетілген тізіммен ҚМДБ-ның ресми ресурстары мен жергілікті мешіттердің ақпараттық тақталарынан танысуға болады.