Алматыдағы балабақшада болған сұмдық оқиғадан кейін мекеме басшылығы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Үш күн бұрын шыққан жантүршігерлік видеода тәрбиеші үш жастағы баланы тұншықтырған еді.
CMN хабарлауынша, балабақшаның бастығы Әмина Юсупбаева тергеу басталғанын айтқан.
«Тергеу барысында барлық аккаунттарымды жабуға тура келді. Айтар сөзім жоқ болғандықтан үнсіз отырған жоқпын, жай ғана алгоритмдер іске қосылып, ақпараттық қысым басталғанын көріп тұрмын. Қазір әр сөзім бұрмаланып жатыр», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.