Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орамалды қыздардың барлығы оңбаған! - МҰХАМЕДЖАН ТАЗАБЕК

13:04, 04 наурыз 2025 389

Мұхамеджан Тазабек орамалды қыздар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы ол Instagram желісінде айтты.

«Мынандай нәрсеге таң қаламын. Мысалы, Стамбулдың көшесінде кең киген, басында орамалы бар қыз бен үстінің бәрі татуировка бір қыз екеуі күліп-ойнап, шәй, кофе ішіп отырады. Татуировкасы бар қыз орамал таққаннан безбейді, орамалы бар қыз татуировкасы бардан қашып отырған жоқ. Бір-біріне деген табиғи толерантность байқайсың. Ол екеуінің мүмкін өмірге көзқарасы екі түрлі болуы мүмкін. Бірақ, бір-бірінің жүйкесінде ойнамай, бір-бірі туралы артық сөйлемеу деген нәрсенің көрінісін байқайсың. Біздің қоғамда қазір мысалы, орамал таққан қыз әлеуметтік желіде ерсі бір нәрсе жасап қойса, бітті, бүкіл орамалды қыздың барлығы оңбаған. Өйтіп орамалдарыңды тақпай-ақ қойыңдар, неменеге олай екіжүзді болып жүрсіңдер дегендей көпке топырақ шашылып кетіп жатады. Ел алдында жүрген адамның ішкені, бір артық сөйлегені көрініп қалса, бас салып оны сызып тастап, өмірін жоғалтып жіберуге тырысамыз. Негізі, әрқайсымыздың басымызда сондай қателіктер, сүрінулер болуы мүмкін. Біз бір-бірімізге төзімді болу, бір-біріміздің жағдайымызға кіру, жалпы бір-бірімізді адам ретінде, құндылық ретінде қарау — қазіргі біздің қоғамда азайып бара жатқан құбылыс. Егер, осы құбылыстар азая беретін болса, онда қоғамда суықтық, ашу, өкпе, реніш деген негативтер көбейеді да, жан-жағымыз нұрланбайды, сәулеленбейді. Керісінше, жан-жағымыздың барлығы бұлыңғыр болып, әрқайсымызға өмір сүру ауырлай береді», — дейді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар