Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Орамал тақпа, сәлем салмай-ақ қой”: Жазира Байырбекова келініне қандай талап қойғанын айтты

13:22, 05 сәуір 2026

Әнші Жазира Байырбекова келініне қандай талап қойғанын айтты, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі жаңа түскен келіні Асылыға ешқандай шектеу қоймай, оның өз ісімен еркін айналысуына толық мүмкіндік беріп, қолдау көрсететінін жеткізді.

"Келін алған керемет сезім екен. Аллаға шүкіршілік айтумен болдым. Ұлымыз туғаннан үйлендірсек деп армандадық қой. Баламыз 18-ге қалай толады, бірден үйлендіреміз дегенбіз. Ол кезде Асылы мектеп оқып жүрген екен. "Үйде орамал тақпай-ақ қой, ауылдан қонақтар келгенде тағасың. Күнде сәлем салмай-ақ қой. Басқа жақтан келгенде салсаң болады" дедім. Біз де, олар да қыдырымпазбыз. Үй шаруасына да онша салып жатқан жоқпын. Қабілеті бар, 3 тіл біледі. Одан да сырттың жұмысымен айналыссын деймін. Қазыбек екеуі кәсібін істесін деймін. Үйде орамал тақса, далаға шығатын кезде шашы басылып қалады. Тақпай-ақ қойсыншы десем, папасы жұқа орамал жоқ па» дейді. Себебі өзім де білемін ғой. Бұрын орамал таққан кезде сыртқа шығайын десең шашың жатып қалатын. Оны қайтадан жуу керек болады", - деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар