Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Орамал 9 жастан бастап міндетті". Иран әйелдердің киімімен әлі "арпалысып жатыр"

11:46, 05 желтоқсан 2024 237

Иран әйелдердің киіміне қатысты заңдарды қатаңдатты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Әшкере телеграм арнасына сілтеп.

Iran News хабарлауынша, Иран режимі жаңа президент Масуд Пезешкианның сайлауалды уәделеріне қарамастан, "ар-ұят және хиджаб" туралы заң қабылдады. Мемлекет исламдық киім үлгісін бұзғандарды қатаңырақ жазалайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, шашты көрсету ғана емес, мойын, білек немесе тобықты көрсету де тыйым салынған. Әйелдер ережегі бірінші рет бұзса, 155 еуроға тең айыппұл төлейді. Егер заң қайта бұзылса, айыппұл көлемі бірнеше есе артуы мүмкін. Айыппұлға қарсылық білдіру немесе наразылық көрсету қосымша 155 еуро айыппұл салуға әкеледі.  Орамал тағу 9 жастан бастап міндетті. Егер бұл заңды кәмелетке толмаған қыз бұзса, ата-анасы жауапқа тартылады, ал қызбен «тәрбиелік шаралар» өткізіледі.

Заң бұзушылықтар туралы такси жүргізушілері хабарлауға міндетті, ал тұрғын үй кешендерінің басшылары хиджабсыз әйелдер түсірілген бейнежазбаларды тапсыруы тиіс. Бұл талаптан бас тартқан жағдайда 339 еуроға дейін айыппұл салынады. Ислам революциясы сақшылары корпусы заңда қарастырылмаған қатал жазаларды да қолдануда. Жақында ирандық белсенді Масих Алинежад әлеуметтік желіде хиджабсыз көшеге шыққаны үшін 74 дүре соғылған әйелдің суретін жариялады. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар