Орал қаласынан ұшқан әуе кемесі құстармен соқтығысқан, деп хабарлайды Alash.kz Sputnik.kz сайтына сілтеп.
Алайда Астана әуежайына аман-есен қонған.
«Ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулар болмағандықтан экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонды», - делінген Air Astana мәлімдемесінде.
Ұшақтан зақымдану анықталды.