Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орал әкімдігі көше тазалауға 5,4 млрд теңге тендер жариялаған

20:04, 07 ақпан 2025 137
 

2025 жылдың 15 қаңтарында Орал қаласының әкімдігі қаланың көше-жолы мен санитарлық тазалығын жүргізу үшін жалпы құны 5,357 млрд теңге болатын екі конкурс жариялаған, деп хабарлайды Alash.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. 

Облыс прокуратурасы бұған наразы шығып, конкурстың күшін жойды. Өйткені, әкімдік конкурсқа қатысамын деген компаниялардың жұмыс тәжірибесіне негізсіз талап қойған. Былтыр дәл осындай талаппен конкурс өткізген әкімдік бір компанияға 6 млрд теңге бөлген екен.

«Прокуратураның талабы бойынша БҚО Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментімен жүргізілген тергеу барысында Орал қаласының әкімдігі тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактілері расталды.  Қорытындысы бойынша орган тиісті шаралар қабылдады», - деп хабарлайды БҚО прокуратурасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар