Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Оқушыларды сүйіп, ертіп кеткісі келді»: Құлсарыда балаларды қорқытқан ер адам жайлы сұмдық дерек шықты

13:32, 22 қыркүйек 2025 61

Құлсары қаласында еңгезердей ер адам екі оқушыны алдып, ертіп алып кеткісі келген, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы,

 «Ақжайық» басылымы мәлімдеуінше, бұл оқиға тападай тал түсте, мектеп пен балабақшасы жақын тұрғын үй кешенінің жанында болған. Абырой болғанда, жергілікті тұрғын ер адамға күдікпен қарап, екі баланы қорғап қалыпты.

Атырау облысының полиция департаменті осы фактіге қатысты 1985 жылы туған ер адамның ұсталғанын және оның мүгедек екенін мәлімдеді.

«Жылыой ауданының полициясы 1985 жылы туған күдіктіні ұстап, оны қамады. Ер адам ІІ топтағы мүгедек. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.

Ал куәгерлердің айтуынша, ер адам не ішімдікке, не есірткіге мас болған. Жеті және тоғыз жасар балаларға тиісіп, құшақтап, сүйгісі келген ол екі баланы алдап, басқа жаққа ертіп кеткісі келген.

Журналист Сандуғаш Дүйсенова күдіктінің суретін жариялап, ата-аналарды сақтыққа шақырған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар