Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқушы қызға тиісіп, үйленбек болған. Мектеп мұғалімі 5 күнге ғана қамалды

14:28, 08 наурыз 2025 582

Өзбекстанда адам шошырлық оқиға болды. Ташкентте мектеп мұғалімі өзінің кәмелетке толмаған бұрынғы оқушысына үйленуге әрекеттенген. Бұл туралы #НеМолчи жобасы хабарлады, деп жазды Alash.kz порталы Azattyq Rýhy-на сілтеп.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, мұғалім оқушыға тиіскені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Сот ісінің материалдарына сәйкес, қаңтар айының соңында таңертең 30 жастағы ер адам көшеде бұрынғы оқушысын досымен бірге кетіп бара жатқанын көріп қалады. Ол қыздың жанында біреудің жүргеніне ашуланып, оның жолын бөгеп, балағаттаған, телефонын тартып алып, жерге лақтырып, содан кейін күштеп көлігіне отырғызған.

«Саидов өз әрекетін бұрынғы студентіне деген сүйіспеншілігімен түсіндірген. Ол оған үйленгісі келетінін айтып, тіпті қыздың үйіне құда түсірмек болған. Бірақ жәбірленуші іс қозғалған кезде әлі кәмелетке толмаған еді. Сотта оның мүддесін анасы қорғады. Анасының айтуынша, бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес – мұғалім бірнеше рет осындай әрекетке барған, қызының соңынан қалмаған», – делінген хабарламада.

 

Жәбірленуші тарап мұғалімнің қатаң жазалануын талап етті. Алайда сот оны мүлікті қасақана жою және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, бар болғаны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сот барысында Саидовтың жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттері дәлелденбегендіктен, оған бұл бап бойынша айып тағылған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар