Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқушы қызды 1000-ға жуық еркекке зорлатқан күдіктілердің бірі өте аз мерзімге сотталды. Неге?

10:39, 12 қараша 2024 739

Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушы қызға қатысты бопсалау дерегі бойынша айыпталушыға үкім шықты,  – деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Т.-ға қатысты ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы бойынша (қорқытып алу) қылмыстық іс қаралды.

Соттың мәліметінше, сотталушы Т. жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтерді жариялаймын деп кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 000 теңге ақша тауып беруін талап еткен, сонымен қатар оның сөмкесін алып, ішінде тұрған 35 000 теңге ақшаны қорқытып алған.

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің біркелкі жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттамасымен, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысымен бекітілді.

Сот үкімімен сотталушы Т. ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

ҚК-тің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3 –нен асыруға болмайды делінген.

Іс бойынша қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Жеңілдетілген мән-жай ретінде оның бұрын сотталмағаны және жастығы ескерілді (21 жас). Яғни, ең жоғары жаза 7 жылдың 2/3-нен аспауы тиіс.

"Осының негізінде, сот сотталушы Т.-ға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жас қызды сыныптастары жарты жыл құлдықта ұстап, жезөкшелікке салғаны қазір елде резонанс тудырған жағдайға айналды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты НеМолчи қоры жазған. Қордың дерегінше, қатарластары оқушы қызды секс-құлдықта ұстап, айына кемі 3-4 млн теңге пайда тауып отырған. Белсенді Айсана Әшім «16 жастағы қызды 1000 еркек зорлағанын» айтып дабыл қақты. Бұдан бұрын оқушыны секс-құлдыққа салған 13 адам бары айтылған. Іс бойынша 200 адам тергеліп жатқаны белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар