Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен". Маңғыстау облысында мұғалім күдікке ілінді

21:20, 17 сәуір 2026

Маңғыстау облысында оқушы қызға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікпен мектеп мұғалімі ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеу амалдары басталған. Ол Мұнайлы ауданындағы №12 мектепте технология пәнінен сабақ берген және бұл білім орнында сегіз жылдан бері жұмыс істеп келген.

Күдіктінің әріптестері оның мұндай әрекетке баруына сенбейтіндерін айтқан. Сондай-ақ оның төрт баласы бар екені белгілі болды.

Жәбірленуші – тоғызыншы сынып оқушысы. Полицияға арызды қыздың өгей әкесі түсірген. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін де еліміздің өзге өңірлерінде мұғалімдерге қатысты осындай деректер тіркеліп, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар