Финляндияның Пирккала қаласында оқушы мектептегі өзге оқушыларға пышақпен шабуыл жасады — болған оқиғаны ол GoPro камерасының көмегімен видеоға түсіріп, тікелей эфирде көрсетті, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Шабуылды ол кем дегенде жарты жыл бойы ChatGPT көмегімен жоспарлаған. Оқиға салдарынан кемінде үш адам зардап шекті.
Оқиға Вяхяярви мектебінде болған, онда 1250 бала білім алады. 16 жастағы жасөспірім қара киім киіп, камераны өз денесіне бекітіп, дәретханадан жүгіріп шығып, дәлізде қыздарға шабуыл жасаған.
Ол бұл шабуылды алты айдай уақыт бойы дайындаған.
Әлеуметтік желіде ол манифест жариялап, шабуылды қыздарға бағыттағанын мәлімдеген.
Ол өзін жалғыз сезінетінін, достары жоқ екенін және достасқысы келмейтінін айтқан.
Атыс-шабуыл әрекетін жасаған жасөспірімді оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері ұстап, қамауға алды.