Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа тәртібі туралы айтып, маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қазір біз аттестациялау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын Орта білім комитетімен бірге талқылап жатырмыз. Бұйрық әзірге бекітілмеді. Егер құжат қабылданса, өзгерістер тек келесі оқу жылынан бастап күшіне енеді.
Біздің білікті, тәжірибелі және белсенді мұғалімдер авторлық бағдарламаларды алып тастау мәселесін қоса алғанда, өз ұсыныстарын жіберуді жалғастырып жатыр. Біз барлық ұсынысты мұқият зерттеп, талдап отырмыз. Бұған дейін “педагог-мастер” және “педагог-зерттеуші” санаттарына қатысты шешімдер қабылдадық және мұғалімдердің арасында белгілі бір наразылық туындағанын түсінемін. Қазір біз жаңа аттестациялау тәсілдері мүмкіндігінше ашық әрі әділ болуы үшін келіп түскен ұсыныстарды талдауды жалғастырып жатырмыз, - деді Оқу-ағарту министрі Мәжіліс кулуарында.