Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқу-ағарту министрі балаларды ұрған жасөспірімге қатысты істі бақылауына алды (Видео)

17:50, 02 мамыр 2025 346

Ғани Бейсембаев мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттікті жергілікті атқарушы органдардың өз міндеттерін толықтай орындай алмай отырғанын көрсетеді деп сынға алды, деп жазады Alash.KZ.

Алматы облысындағы мектептердің бірінде болған құқықбұзушылықты өз бақылауына алғанын мәлімдеп, бірқатар тапсырмалар берді.

"Облыс басшылығы бұл мәселені шұғыл түрде қолға алып, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін нақты әрі жүйелі іс-шаралар қабылдайды деп сенемін. Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету Министрліктің тұрақты бақылауындағы мәселе екенін жергілікті әкімдіктер де жақсы біледі", - деп жазды министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар