Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқырман ұлт. Ұлттық кітап күніне орай жаңа байқау жариялады

23:20, 09 шілде 2024 630
Қазақстанда жаңа мереке, атап айтқанда, "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" тойланады. Жаңа мереке Үкімет қаулысымен бекітілді. Осыған орай мәдениет және ақпарат министрлігі үздік кітаптарға арналған «Ұлттық кітап» байқауын жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы
 
Аталмыш мереке қоғамдағы оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында аталмақ. 
 
Президент бұл мәселені Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында көтерген: 
 
"Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз", – деді президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.
Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрлігі  үздік кітаптарға арналған «Ұлттық кітап» байқауын жариялады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды:
Құрметті достар! Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы тапсырма бергені белгілі. Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне жаңа мереке қосылды. Үкімет қаулысымен 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді!..
 
Осы орайда, Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық кітап күніне орай үздік кітаптарға арналған «Ұлттық кітап» байқауын жариялады. Байқауда «Балаларға арналған үздік кітап», «Жасөспірімдерге арналған үздік комикс кітабы», «Нон фикшн (психологиялық, мотивациялық, бизнес) бағытындағы үздік кітап», «Детектив жанрындағы үздік кітап», «Сатира жанрындағы үздік кітап», «Үздік илюстрациялық кітап», «Үздік аударма кітабы», «Ең көп оқылған кітап», «Фэнтези жанрындағы үздік кітабы», «Үздік баспа» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады. Сондай-ақ «Жыл кітабына» гран-при сыйлығы табысталады. Бұл байқау үздік кітаптарды анықтап, оны көпшілікке насихаттауға, қоғамды кітап оқуға үндеуге ықпал етеді деген ойдамыз, - деді министр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар